Таразда жолаушылар автобусы бір адамды қағып кетті
Таразда автобус көлік тұрағына шығып кетіп, бір адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан алынды
Төле би даңғылының бойында автобус жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, көлік тұрағына шығып кетіп, жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан жаяу жүргінші алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолаушылар автобусының жаяу жүргіншіні қағып кету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған