Таразда жоғалып кеткен жасөспірімдер он күннен бері іздестірілуде
Таразда жоғалып кеткен жасөспірімдер он күннен бері іздестірілуде. 17 жастағы Владимир Сергеев пен 15 жастағы Виктория Мазуренко бірге жоғалып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінен басқа кәмелетке толмағандарды іздеуге 20-ға жуық еріктілер қосылды. Олар тастанды ғимараттар мен қала маңындағы аудандардың барлығын қарап шыққан. Алайда нәтиже болмады.
"Кәмелетке толмағандар іздеу салынған адамдардың тізіміне алынды. Олардың үйден кетуіне ата-аналарының бір-бірімен кездесуге тыйым салуы себеп болғандығы анықталды", - дейді Жамбыл облысы полиция бөлімінің жедел уәкілі Кибар Искандаров.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Жамбыл облысы полиция бөлімінің жеке құрамы кәмелетке толмағандарды іздеуге бағытталған. Іздеу шаралары полиция бөлімі басшылығының бақылауында.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар