Таразда жасөспірім салынып бітпеген ғимараттың жоғарғы қабатынан секірген
Тараздық жасөспірім құрылыс болып жатқан жерде секіріп, мерт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сурет: Astana TV
Тараз полицейлерінің мәліметінше, оқушы Қаратай Тұрысов көшесінде орналасқан аяқталмаған ғимараттан секіріп кеткен.
"Жасөспірім аяқталмаған ғимараттан секіргені анықталды. Осы фактке қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 3-бөлігі "суицидке дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге де мән-жайлар жария етілмейді", – деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ