Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда жасөспірім қыз 54 жастағы өгей әкесінен бала босанды

Таразда 16 жастағы оқушы қыз дүниеге сәби әкелді. Босанған қыз түскен облыстық перинаталдық орталықтың қызметкерлері оқиға туралы полицияға мәлімдеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: depositphotos.com

Құқық қорғау органдары тергеуді бастап, негізгі күдік қыздың өгей әкесіне түскен. Ер адам өзінің қатысын жоққа шығарды. Бірақ әртүрлі зертханаларда жүргізілген екі тәуелсіз ДНҚ сараптамасы оның баланың әкесі екенін растады.

"Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмыстық әрекетті жасады деген күдікпен қыздың 54 жастағы өгей әкесі анықталып, ұсталды. Қазір аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабының 3-1-бөлігі "Кәмелетке толмаған баланы зорлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірқатар қажет сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды", – делінген Жамбыл облысының полиция департаментінің хабарламасында. 

Талқылау