Таразда оқ жарақатын алған үш бала ауруханаға жеткізілді
Жамбыл облысында үш кәмелетке толмаған бала оқ жарақатын алып, облыстық балалар ауруханасына жатқызылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Жамбыл облысы ДП баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция бөлімінің хабарлауынша, қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ, полиция қылмысқа күдікті анықталып, қамауға алынғанын көрсетті. Үш баланың да жағдайы тұрақты, олардың өмірі мен денсаулығына ешнәрсе қауіп төндірмейді, деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес істің басқа да егжей-тегжейлері тергеу мүдделері үшін жарияланбайды.
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"