Таразда лауазымды тұлғалар арасында төбелес болып, подполковник қаза тапты
Таразда төтенше жағдайлар департаментінің лауазымды тұлғалары төбелесіп, бір кісі қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Оқиға жұма күні таңғы сағат алты шамасында қаладағы "Лаура" қонақүйінің маңында болған.
Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адамның қатты соққы алып, құлағаны анық байқалады. Соққы алған ер адам жедел жәрдем келгенше оқиға орында жан тапсырған. Қаза тапқан ер адамның қаладағы төтенше жағдайлар департаментіне қарасты өрт сөндіру және құтқару қызметінің бөлім басшысы екені анықталды. Ал соққы жасаған ер адам болса, №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің басшысы болып шықты.
Күдікті ұсталып, қылмысын толық мойындады. Оқиға бойынша полиция қызметкерлері де, төтенше жағдайлар департаменті де ақпарат беруден бас тартқан.
Айта кетейік, қаза тапқан подполковниктің артында алты баласы қалды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған