Таразда көлік жүргізуші TikTok-қа видео түсіру үшін жол ережесін өрескел бұзған
Тараз қаласы полиция басқармасының мониторинг тобы бейнебақылау жұмыстарын жүргізу барысында жол ережесін қатаң бұзған автокөлік жүргізушісін анықтады. Оқиға орнынан жасырынбақ болған жүргізуші мен жолаушылар өз әрекеттерін видеоға түсірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жедел түрде оқиға орнына келген. Осы кезде "ВАЗ" маркалы автокөлік иесі жылдамдықты асырып, қашуға әрекеттенген. Сондай-ақ көлік жолаушылары өз әрекеттерін бейнежазбаға түсіріп, интернет желісіне салып отырған.
“Автокөлік иесі жол ережесін қатаң түрде бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 9-тармағымен (мемлекеттік немесе міндетті техникалық бақылаудан өтпеген), 590-бабы 2-тармағымен (мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ) және 599- бабы 2-тармағымен (Бағдаршамның тыйым салатын сигналынан өту) әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – делінген хабарламада.
Көлік арнайы айыптұраққа қойылған. Жүргізушіге 25 айлық есептік көрсеткіш, яғни 76 575 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Талқылау

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
Екінші топ оқырмандар көпбалалы ананың қанағатсыздығын сынады

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
Бүгінде күллі қазақ жұрты оларды желіде бақылап, біразы алдынан күтіп, қонақ етіп жатыр