Таразда әйелінің сіңлісін зорлады деген ер адам қамауға алынды
Таразда әйелінің 15 жастағы сіңлісін бір жыл бойы зорлады деген күдікке ілінген ер адам қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Freepik.com
Жуырда жәбірленушінің анасы дабыл қағып, еркіндікте жүрген күдіктінің кейбір туыстарының көмегімен өзіне қысым көрсетіп, тіпті өзіне қол жұмсаймын деп қорқытқанын айтқан еді.
"Мен отбасым мен балаларым үшін алаңдаймын. Президенттен бұл істі өз бақылауына алып, кінәліні заң аясында ең қатаң түрде жазалауын сұраймын", – деген еді жәбірленушінің анасы.
Күдіктіге Қылмыстық кодекстің 121-бабы бойынша іс қозғалды. Егер оның кінәсі дәлелденсе, ол 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Еске салсақ, осыған дейін Таразда 15 жастағы қызды бір жыл бойы жездесі зорлап келген.
Алматы билігі Үлкен Алматы көліне апаратын жаяу жүргіншілер жолына 500 миллион теңге жұмсамақ
2023 жылы тамызда жолдың такси қызметі үшін ашылуы қоғамда наразылық туғызды
"Қазақ тілі тестінен өту қиын болып кеткен": Өзбекстаннан келген қандастар азаматтық бермей жатқанына шағымданды
Қандас: "Азаматтық алуды квотамен тікелей байланыстырмаса екен"