Таразда ер адамнан 5 миллион теңге бопсалаған қоғам белсендісі ақша алу кезінде ұсталды
Видеодан скрин
Таразда қоғам белсендісі ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жамбыл облыстық полиция департаментіне Тараз қаласының тұрғыны өзін әлдекімнің бопсалағанын айтып, арызданған.
Арызданушының айтуынша, күдікті оның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді әлеуметтік желілерде таратамын деп қорқытып, жарияламау үшін 5 миллион теңге талап еткен.
БҚО-да шенеуніктен ақша бопсалаған блогер 3 жылға бас бостандығынан айырылды
Аталған дерек бойынша жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті арызданушыға қысым көрсетуді тоқтату және бұған дейін әлеуметтік желілерде жарияланған жағымсыз пікірлерді өшіру үшін ақша алу кезіндегі қылмыс үстінде ұсталды.
Еске салсақ, бұған дейін Таразда Facebook-тегі жазбалар арқылы ақша бопсалаған блогер мен сыбайластары сотталған еді.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"