Таразда екі жедел жәрдем көлігі соғылып, біреуі аударылды
Таразда екі жедел жәрдем көлігі соқтығысып, салдарынан бес адам жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы облыстық ПД өкілдері мәлімдеді.
Оқиға Төле би және Қойгелді көшелерінің қиылысында орын алған.
«Жол қиылысында қызыл жарықтан өткен біреуі екіншісін қағып кетті. Соққы салдарынан көліктердің біреуі бір жағына қарай аударылып кетті. Әр түрлі дәрежедегі жарақат алған бес адам Орталық қалалық ауруханаға жеткізілді. Тиісті сараптамалар тағайындалды», -делінген ресми хабарламада.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ