Таразда донер дайындайтын қызды үйлену мақсатында алып қашқан
Таразда аспазшы қызды үйлену мақсатында донорер дайындайтын кафеден алып қашқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме беріп.

Оқиға 20 тамыздан 21 тамызға қараған түні болған. Сағат 00.30 шамасында кезекші бөлімге облыс орталығының дәмханаларының бірінде 20 жастағы аспаз қыз ұрланған деген хабар келіп түсті.
Күйеуім "мен жұмыстан келгенде үйде болмаңдаршы" деді: Алып қашудың құрбаны болған қыздың тағдыры
""Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері Талас ауданының 23 жастағы тұрғынын анықтап, ұстаған. Ол бейтаныс қызды үйлену мақсатында оның келісімінсіз ұрлап әкеткен. Аталған факті бойынша ҚК-нің 125-бабы "Адам ұрлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қыз үйіне қайтарылды", - деп хабарлады полиция бөлімшесі.
Жоғарыда аталған бапқа сәйкес қыз алып қашқан жігіт төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"