Таразда балабақша басшысы 13 миллион теңге жымқырды деген күдікпен қамалды
Таразда "РозАль" жекеменшік балабақшасының басшысы 13 миллион теңге жымқырды деп күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жамбыл облысының прокуратурасы балабақшаға қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді.
"Тараз прокуратурасы "РозАль" жекеменшік балабақшасы басшылығының 13 миллион теңгені ұрлау фактісін анықтады. Балабақша басшысы іс жүзінде жоқ балалар үшін бюджет қаражатын алды", – делінген хабарламада.
Осы факт бойынша 25 қыркүйекте Жамбыл облысының экономикалық тергеу департаментіде ҚК-нің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қылмыс жасады деген күдікпен балабақша басшысы соттың санкциясымен қамауға алынды.
Көкжайлаудағы QR-код жұртты шулатты: Аумаққа кіру ақылы болып кетті ме
Ақы төлемегендерге 21 625 теңге айыппұл салынады
Азық-түлік жеткізетін Airba Fresh сервисі жабылды: Жұмыссыз қалған қызметкерлер енді өтемақы ала алмай жүр
Оның сөзінше, қызметкерлерден жұмыстан өз еркімен шығу туралы өтініш жазу талап етілген