Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркия соты Биньямин Нетаньяхуға халықаралық іздеу жариялады – БАҚ

Нетаньяхуға іздеу жариялады
Фото: © РИА Новости / Алексей Никольский

Түркияның Стамбұл қаласындағы соты Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға аса қауіпті қылмыскер ретінде Интерпол арқылы халықаралық іздеуге жариялау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Halktv.com.tr басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Басылымның мәліметінше, Стамбұлдың 11-қылмыстық сотында "Сумуд" ("Табандылық") жаһандық флотилиясының ұсталуына қатысты талап-арызды қараған судьялар алқасы Нетаньяхуды Интерполдың "қызыл хабарламасы" (Red Notice) арқылы халықаралық іздеуге жариялау жөнінде қаулы шығарған.

Еске салайық, 2025 жылдың қараша айында Стамбұлдың Бас прокуратурасы Нетаньяху мен Израильдің бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктерін Газа секторында геноцид жасады деген айыппен қамауға алуға ордер берген.

Тергеу Израиль билігі 2025 жылдың қазан айында Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізуге әрекеттенген "Сумуд" жаһандық флотилиясының белсенділерін ұстағаннан кейін басталды.

Израиль ұстап, кейін Түркияға депортациялаған флотилия мүшелерін дәрігерлер, оның ішінде психологтар тексерген. Тергеу барысында алынған материалдар адамзатқа қарсы қылмыстар жасалғанын дәлелдейтін айғақ ретінде тіркелген.

Назархан Уән
Сейсенбі, 14 Шілде, 2026 22:16