Алматыда түлек дипломын ала сала жыртып тастаған
Алматыда колледж тәмамдаған тәлімгер көптің көзінше дипломын жыртып тастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жігіттің мұндай әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен. Көпшілігі мұны ұстазға, білімге және оқу орнына деген құрметсіздік деп бағалады.
Кейін бұл Алматыдағы Халықаралық бизнес және коммуникациялар колледжіндегі жағдай екенін белгілі болды. Тексеру барысында түлектің тек алдын ала өзі дайындаған, сыртқы көрінісі дипломға ұқсас мұқабаны жыртқаны анықталды. Енді полиция органдары тарапынан қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданбақ.
"Орташа айлық – 1 700 000 теңге": Қазақстандық дәрігерлер отбасы Германияға көшіп, табысын 10 есе арттырған
Шетелдегі қазақ дәрігер: "Айлығым шамамен 4 440 еуро, яғни 2 240 000 теңге"
Қазақстандағы ең қымбат ТОП-10 қонақүй: Бір түннің құны қанша
Қазақстандағы ең қымбат қонақүйлердің бірінде бір апта демалу құны - 2,8 миллион теңге.