Таразда 43 жастағы әйел азаматтық некедегі күйеуін пышақтап өлтірді
Таразда 43 жастағы әйел күйеуін пышақтап өлтірді. Сүйген жарына суық қару жұмсаған күдікті кінәсін толық мойындап, қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай күндізгі сағат бес шамасында қаланың шалғай аудандарының бірінде болған. Полицейлерге түрлі дене жарақатын алған азаматтың ауруханаға жеткізілгені бойынша хабар түскен. Оның жағдайы ауыр болса керек. Бірден жансақтау бөліміне жатқызылып, сол жерде есін жимастан жан тапсырды.
Бейресми мәліметтерге сүйенсек, 47 жастағы қала тұрғынын азаматтық некедегі әйелі пышақтап өлтірген. Оның неліктен мұндай қадамға барғаны белгісіз.
"Ол кінәсін толық мойындап уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдікті бұрын сотты болмаған. Қазір аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 99-бабы, 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Әйелі күйеуін өлтіріп тастады", – дейді Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"