Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тараз әкімдігі Елдос Сметовтің Олимпиададағы жеңісінен кейін үйінің алдына асфальт төсеп берген (видео)

5 тамыз күні Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Қазақстанға оралып, Таразға ат басын тіреді. Елге оралуына байланысты жергілікті әкімшілік атақты спортшы тұратын көшені абаттандыру шараларын қолға алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Желіде жергілікті журналист Исламбек Дастан түсірген видео жарияланды. Кадрлардан Елдос тұратын көшеге жаңа асфальт төселгенін көруге болады. Видеода Олимпиада чемпионының елге оралуына байланысты жолдың арнайы жасалғаны айтылған. 

Облыс әкімдігі асфальт демеушілер есебінен салынғанын айтты. 

“Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Қарой ауылдық округіне қарасты Сұлутөр ауылындағы Т. Жайынбаев көшесінің жол бөлігін жөндеу жұмыстары демеушілік қаражат есебінен жүргізілді”, – делінген хабарламада.



Айта кетейік, 27 шілдеде дзюдошы Елдос Сметов Парижде өткен Олимпиада ойындарында ел қоржынына алтын әкелген. 60 келі салмақ дәрежесінде финалда Сметов француздық Лука Мхеидземен белдесіп, жеңіске жеткен еді.

Ал 5 тамызда Париж Олимпиадасында алтын иеленген дзюдошы Елдос Сметов пен қола жүлдегер Ғұсман Қырғызбаевты Алматы әуежайында туыстары, достары мен спортшылардың жанкүйерлері қарсы алған. 

Талқылау