Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тапанша тақап, өлтіремін деп қорқытқан": "Дикий Арманның" қорғаушысы тараған видеоға қатысты пікір білдірді

“Дикий Арман” деген атпен танымал Арман Жұмагелдиевтің адвокаты қара киім киіп, қолын ақ матамен таңып, мықтық ұстаған жігіттердің жанында ер адамның басына мылтық тақайтын видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бұл видеода ер адамды күшпен әкеліп, тамақ ішіп отырған екінші бір адамның алдына отырғызады. Тамақ ішіп отырған адам қаруға ұқсайтын бір нәрсемен алдына келген адамды қорқытқан. Бұл видеоның қай жерде, қашан түсірілгені белгісіз. Бұл Арман Жұмагелдиев болуы мүмкін деген сыбыс шындыққа жасапайды”, – дейді Есімов. 

Ол интернетте әртүрлі ақпараттарды өңдеуге болатынын алға тартты. Оған қоса бұл видеодағы адамның Жұмагелдиев екенін дәлелдейтін ешқандай айғақ жоқ екенін айтты. 

"Интернетте графикалық бейнелерді монтаждайтын көптеген фильмдер бар, кез келген адамның жағымсыз бейнесін жасау үшін бәрін жасауға болады. Осылайша қоғам арасында жалған ақпарат таратып, адамды жағымсыз жағынан көрсетеді. Мен мұндай ақпараттар арнайы бір тұлғалардың тапсырысы бойынша жасалатынына сеннімдімін", – деп атап өтті қорғаушы.

Еске салсақ, осыған дейін Жұмагелдиевтің ұсталғаны хабарланған болатын. Қазір ол Алматы қаласындағы тергеу изоляторында жатыр.

Талқылау