Танымал тележүргізуші Ақтөбе облысының драма театрына басшы болып тағайындалды
Танымал тележүргізуші әрі актер, «Хабар» арнасының қызметкері Нұрхан Кәдірбаев Ақтөбе облыстық драма театрының директоры болып тағайындалды.

Ақтөбе облысының Шалқар ауданында дүниеге келген Нұрхан Кәдірбаев Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының түлегі, деп жазады Тілші.
Әр жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрында, Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінде, Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер академиялық театрында қызметтер атқарған.
Айта кетейік, драма театрына осыған дейін жетекшілік етіп келген Нұрлыбек Жұбатқан таяуда өз еркімен қызметтен кеткен болатын.
Тағы да оқыңыз:
Рак дертін жеңген қазақ қызы АҚШ-та өз кәсібін ашқан
ШҚО тұрғыны жасырын түрде енесінің атынан несие алып отырған
Бауыржан Байбек жаңбыр кезінде Алматы көшелеріне тал отырғызды
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"
"300 теңгеге дейін жетуі мүмкін": Қазақстанда жанармай бағасы неге қымбаттап жатыр
Жұртшылық: “Жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайды деген сөз”