Танымал футболшы маңдайына Інжіл кітабының сөздерін жазып өзіне қол жұмсады (фото)
Америкалық футбол жұлдызы Аарон Эрнандес “Нью-Ингленд Пэтриотс” бостан командасы атынан ойнаған. Ол Массачусетс шататындағы түзеу мекемесінде асылып қалған күйінде табылды.
Футболшы 19 сәуір күні көрпе тысын темір торға байлап, соған асылған. Камера ішін түрлі заттармен ашылмайтындай қылып бекіткен. Спортшы емханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмды.
Эрнанес өлер алдына маңдайына қызыл маркермен Інжіл кітабының сөздерін жазған. Онда: «Құдай әлемді шексіз сүйгендіктен, жалғыз ұлын құрбандыққа берді. Оған сенушілер, өлген жоқ, бірақ мәңгілік өмір сүрді» /ред./(Иоанна 3:16), – деп жазылған. Інжіл кітабы да камерада ашық күйінде жатқан.
2015 жылдың сәуір айында Ұлттық футбол құрамасының ойыншысы Эрнандесті адам өлтіргені үшін кінәлі деп тауып, өмір бойына бас бостандығынан айырған.
Кейіннен полицейлер футболшының тағы бір адам өліміне қатысты дәлел тапты, алайда ол көз жұмардан бірнеше күн бұрын ол қылмыстан ақталып шықты.