Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал блогер Damelya Sweet тұрмысқа шықты

Дамеля Sweet тұрмысқа шықты
Фото: Threads желісінде жарияланған суреттер

Қазақстандық танымал блогер Damelya Sweet тұрмысқа шықты. Бұл турады Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде оның сырға салу және қыз ұзату рәсімінен түсірілген кадрлар тарады. Жарияланған суреттерден дәстүрлі құдалық рәсімдерінің өткенін көруге болады.

Қыз ұзату тойында Дәмелі қонақтарына арнайы өтініш те жасаған. Ол бонбоньеркаға жазылған тілегінде көпшіліктен сол күнгі сәттерді фото-видеоға түсіруге емес, мерекенің атмосферасын бірге сезінуге көңіл бөлуді сұраған.

“Осы ерекше күнімді менімен бірге бөліскендеріңіз мен үшін өте қымбат. Бір ғана өтінішім бар: бүгін фото мен видеоны бір сәтке шетке қойып, әр сәтті бірге өткізейік. Бұл күн естелігімізде мәңгі сақталсын”, – деп жазған ол.

Алайда соған қарамастан блогердің сырға салу және қыз ұзату рәсімдерінен түсірілген кадрлар әлеуметтік желіге тарап кетті.

Дәмелінің ұзату тойына танымал өнер иелері мен блогерлер де қатысқан. Олардың қатарында Арай Сұлтан, Ерке Есмахан, Жұлдыз Әбдукәрімова, Сиситай, Аружан Кенжебекова және тағы басқалары бар.

Желіде тараған мәліметтерге сәйкес, блогердің таңдаған азаматының есімі Мұрат болуы мүмкін. Сондай-ақ оның шетелде білім алғаны және кәсіпкердің ұлы екені туралы ақпарат айтылып жүр. Дегенмен Дамеляның өзі бұл мәліметтерді ресми түрде растаған жоқ.

Дамеля Sweet тұрмысқа шықты
Фото: Threads желісінде жарияланған суреттер

Кейінгі уақытта блогер көпшілік назарынан алыстап, әлеуметтік желідегі парақшаларын өшірген еді. Ол мұндай шешімге не себеп болғанын ашық түсіндірмеген.

Айта кетейік, Дәмелі Бектұрсынова 2000 жылы дүниеге келген, Шымкент қаласының тумасы. Ол әлеуметтік желіде lifestyle-контенті, сәнді образдары, саяхаттары және қазақы нақыштағы жарияланымдары арқылы танылды. Сонымен қатар кәсіпкерлікпен айналысып, әншілік және актерлік қырынан да көрініп жүр.

Балнұр Рахматуллақызы
Дүйсенбі, 31 Тамыз, 2026 15:44