Таныстары арқылы жазадан құтылып кетеді деп алаңдаулы: Қостанайда танымал бапкер өгей қызын зорлады деп күдікке ілінді
Қазақстандық бапкер, танымал криминал атанып кеткен ер адамның бұрынғы әйелі оның қызын бапкер зорлағанын мәлімдеді. Ол полицияға жүгінгенімен, бапкердің күдікті деп танылмағанына наразы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Түсірілімнен скриншот
С.М.-нің бұрынғы жұбайы оқиғаны "НеМолчи" қорына айтып берген.
Қыздың анасы сегіз жыл бойы Қостанай облысында бокстан бас бапкермен бірге тұрғанын айтты. Ол әйелдің өзге некеден туған қызын екі рет зорлаған.
Айтуынша, ұзақ уақыт бойы бұл туралы айтпаған. Десе де мінезі өзгеріп, тұйықталып қалған. Оғаш қылық көрсетіп, үйден қашатынды шығарған. Анасы ұзақ уақыт бойы не болғанын түсінбеген.
"Ол бірінші рет қызымды 16 жасында, содан кейін 18 жасында зорлаған. Ол – криминалды тұлға, қылмыстық әлемнің беделді адамы. Бірнеше рет абақтыда жазасын өтеген, оның ішінде кісі өлтіргені үшін сотталған. Ол қызымды қорқытып қойған. Қостанай облысында бәрі содан қорқады, оның органдарда, прокуратурада таныстары бар", — деді әйел.
Оның айтуынша, қызы 2022 жылы тамыз айында оқиғаны анасына айтып берген. Содан кейін полицияға арыз берілді.
"2022 жылдың қараша айынан бастап тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық іс шеңберінде бірнеше сараптама жүргізілді. Сараптама қорытындысы 2019 жылдың желтоқсан айы мен 2021 жылдың маусымы аралығында азамат 1963 жылғы С. қызды бірнеше рет зорлағаны туралы дәлелдерді растады", – делінген хатта.
Қолда бар дәлелдерге қарамастан, ер адам әлі күнге дейін іс бойынша күдікті деп танылмаған.
"Ол әлі де бостандықта, емін-еркін жүр. Барлық өтініштерім, шағымдарыма мән берілмей жатыр. ІІД қызметкерлері прокуратура істі сотқа жіберуге рұқсат бермейді, біраз уақыт өтті және қылмыстың құрамын дәлелдеу қиын деп айтқанын түсіндірді. Бірақ сот төрелігінің ескіру мерзімі бола ма? Оның кінәсін растайтын дәлелдер жеткілікті", – дейді ана.
Әйел бұрынғы жұбайы таныстары арқылы жазадан құтылып кетеді деп алаңдаулы.
Қостанай облыстық полиция департаменті оқиғаға түсініктеме берді.
"ҚК 120-бабы бойынша 2022 жылдың қараша айында сотқа дейінгі тергеу басталды. Іс өндірісте. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, содан кейін түпкілікті процестік шешім қабылданады", — делінген хабарламада.
Құқық қорғаушы Дина Таңсәрі істі президент әкімшілігінің жеке бақылауына алуды және ІІМ басшылығы мен бас прокуратураға назар аударуды сұрады.