Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал телеарна Түрікменстандағы қазақтардың бақытты өмірі туралы сюжет жасады: Шын мәнінде елдегі қазақ диаспорасының жағдайы қалай?

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түрікменстанға сапары барысында "Мир" телеарнасы осы елдегі этникалық қазақтардың бақытты өмірі туралы репортаж шығарды, деп хабарлайды Turkmen.News басылымына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

Арнаның мәліметінше, Түрікменстанда мыңдаған қазақ отбасы өмір сүреді. Оның негізгі себебі бұл жерде қазақтар үшін барлық жағдай жасалған, делінген.

Сюжет Ашхабадқа көшіп келген қарт әйел туралы. Оның сөзінше, ұрпақтары өзін бақытты сезінеді, әрі Түрікменстаннан кетпей, қала бергісі келетінін айтады. Репортаж кейіпкерлері ұлттық әндерді шырқайды, тақияларды кестелеп, ет асады.

Turkmen.News ақпараты бойынша бұл репортаж тек бір арнадан көрсетілді. Ал Түрікменстан телевизиясында елде қазақ диаспорасының тұратыны жайлы ақпарат Тоқаевтың сапарыны кезінде де атап өтілмеген.

Түрікменстанда этникалық қазақтардың өмір сүретіні туралы "Түрікменстан бүгін" мемлекеттік ақпарат агенттігінің көптеген есептерінде де айтылған жоқ.


"Қолым кісендеулі жатқанда есімді жидым": Алматыда полиция қызметкерлері Өзбекстаннан келген этникалық қазақты аяусыз тепкілеген 


"Шындығында елдегі қазақтар мен басқа да ұлттардың жағдайы мәз емес. Экономикалық дағдарыс, жұмыссыздық, азық-түлік тапшылығы және адам құқықтарының бұзылуы этникалық түрікмендерге қарағанда көбірек зардап шегеді", – дейді Turkmen.News басылымы.

"Түрікменстанда түрікмен тілінен басқа тілдерде оқытатын мектептер жоқ. Сондықтан өзге ұлт өкілдері жаппай көшіп жатыр. Елдегі тұрғын үй сатқан қазақтардың көп бөлігі 2020 жылдың көктемінде шекаралар жабылған соң, тығырыққа тірелген. Олар тарихи отанында тұруды жоспарлаған ақшасын елдегі тұрмысы үшін жұмсауға мәжбүр болды. Тек 2021 жылдың ақпан айында Түрікменстаннан Қазақстанға қоныс аударушылардың бір пойызы жол тартады", – деп жазады басылым.

Талқылау