Танымал қазақстандық композитор дүниеден озды
Танымал қазақстандық композитор, музыкант Яков Хан дүниеден өтті. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Өкінішке қарай, COVID адамдардың өмірін қиюды тоқтатқан жоқ. Бүгін біз тағы бір керемет азаматымыздан айырылып қалдық. Яков Ханның жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Әйгілі сазгер, джазмен өзінің артына қаншама шығармаларын мұра етіп қалдырды”, – деп жазады Балаева.
Айта кетсек, Яков Хан – Оңтүстік Қазақстан тумасы. Кеңес одағы кезінде Алматыдағы варьете театрына басшылық еткен, “Арай” ансаблінде өнер көрсеткен. Алматыдағы Корей театрында қызмет атқарған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі