Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал қазақстандық әнші боқтық сөздер айтқаны үшін қамауға алынды

Танымал қазақстандық әнші, актриса Фарема Қазақпаева ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 7 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото әншінің Instagram желісінен

Алматының Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, әнші 6 мамырда Instagram-ға ұятсыз, боғауыз сөздер айтқан видеосын жариялаған.

Соттың пікірінше, ол айналасындағыларды құрметтемей, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігінде ұсақ бұзақылық жасаған қазақстандықтарға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынуға тиіс. Немесе 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады. 



“Сот Фарема Қазақпаеваны кінәлі деп тауып, оған 7 тәулік қамауға алу түрінде жаза тағайындады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ”, – делінген хабарламада. 

Фарема Казакпаева “Сaffeine” қыздар тобының құрамында өнер көрсетіп, "За три дня до нового года" фильмінде ойнаған.

Талқылау