Танымал бразилиялық футболшы "Қайратқа" ауысты
Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Вагнер Лав алматылық "Қайратқа" ауысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жаңа сынаққа өте ризамын", - деп жазды Вагнер Лав өзінің Instagram-дағы парақшасында.
Форвард Вагнер Лав "Коринтиансмен" келісімді бұзды және еркін агент мәртебесінде болды.
Бразилиялық футболшы "Палмейрас", ЦСКА, "Фламенго", "Шаньдун Лунэн", "Коринтианс", "Монако", "Аланьяспор" және "Бешикташ" сынды командаларда ойнаған. Бразилия құрамасы сапында 20 матч өткізіп, төрт гол соқты. 2007 жылы ол Бразилия құрамасының Копа Америкадағы әр матчында ойнады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар