Танымал блогер хиджабын шешіп тастады
Танымал блогер Ботагөз Балабекова хиджабын шешіп тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
500 мыңға жуық оқырманы бар блогер әлеуметтік желідегі парақшасын жаңартты.
Жаңа фотолар салып, жыл басын шетелде қарсы алғанын жариялады. Қазір ол Монако қаласында демалып жүр.
“Жылы лебіздеріңізге рақмет! Маған тілегендеріңізді сіздерге де тіледім.Сіздерді қатты сағындым”, – деп жазды блогер.
Сондай-ақ “инсталеди” мамыр айында дін туралы жазып, хиджаб кигенін айтқан болатын. Ер адаммен көңіл қосқанын да жасырмады. Кейін фотоларын бәрін өшіріп, әлеуметтік желіге ат ізін салмай кетті.
Араға 8 ай салып оқырмандарымен қауышқан блогер парақшасындағы пікір жазатын бөлімін бұғаттап тастаған.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес": Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды