Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал блогер Балқия Балтабай тұрмысқа шықты

Танымал блогер, психолог Балқия Балтабай тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ол Instagram парақшасында күйеу жігітінің өзіне ұсыныс жасаған сәтін көрсетіп: 

"Иә" дедім. Ал, құттықтай берсеңіздер болады", - деп жазба қалдырды. 

Одан бөлек, екі жастың неке қидырып үлгергені белгілі болды. Салтанатты рәсімге екі жақтың жақын туыстары қатысқан. 

"Некені өзіміз боп кішігірім атап өтіп, екі жақты таныстырдық. Бұл күнді ата-анам көрмесе де, бауырларым, жақындарым отыз күн ойын, қырық күн тойын жасап, шапқылап қуанып жүр", - деді Балқия Балтабай. 



Қазіргі уақытта блогер үлкен тойға дайындалу үстінде. Көпшілік қызығушылық танытқанымен, блогер сүйіктісінің жүзін көрсетпеді. Себебін былай деп түсіндірді: 

"Ол инстаграмға шығуды, жария болуды онша қаламайды. Инстаграмды белсенді жүргізбейді. Көндіріп алайын. Рұқсатын алған соң, ашық көрсете беремін ғой". 

Талқылау