Танымал блогер Әлібековтің Lamborghini көлігімен жігітті қағып өлтірген жүргізуші сотталды

Танымал блогер Бейбіт Әлібековтің Lamborghini көлігімен жігітті қағып өлтірген жүргізуші сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жүргізуші “абайсызда қазаға ұшырату" бабы бойынша сотталды. Алайда айыпталушы түрмеде отырмайды. Сот шешімімен күдіктінің бас бостандығы 1,5 жылға шектелді. Айыпталушы өз кінәсін мойындады.
"Трюк қауіпті екенін біле тұра, бәрібір келістім", – дейді айыпталушы.
Марқұм жігіттің отбасы моральдық және материалдық өтемақы ретінде 210 млн теңге талап етті. Алайда сот бұл соманың тек 5 млн теңгесін өндіру туралы шешім шығарды.
Ал көлік иесі блогер Бейбіт Әлібеков сотқа куә ретінде қатысты. Ол марқұмның туыстарына 10 млн теңге беріп, жерлеу шығындарын өз мойнына алғанын мәлімдеді.
Еске салсақ, 2024 жылдың қазан айында Алматыда танымал блогер Әлібековтің Lamborghini көлігі 22 жастағы жігітті қағып өлтіргені туралы жазған едік.
Талқылау
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді
Қастерлі Жолдыбалина бала күніндегі қымызмұрындықтың қазіргі мерекеден өзгеше болғанын айтады
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып