Танымал әнші Akon Алматыға келді
Америкалық танымал әнші Akon концерт өткізу үшін 14 қарашада Алматыға келді. Оны әуежайдан әріптестері мен жанкүйерлері күтіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әншінің концерті Алматы арена спорт кешенінде өтеді.
“Ассалаумағалейкум! Сіздерді 15 желтоқсанда Алматы аренада күтемін. Одан кейін 18 желтоқсан Астана қаласындағы Конгресс-Холлда кездесеміз”, – деді әншінің өзі.
Akon-ның Алматыға келгені туралы жазба түстен кейін пайда болды. Әртісті және оның командасын джембада (африкалық барабандар) аспабын ұрып жатқан музыканттар тобы қарсы алды. Әнші де бұған ризашылығын білдірген.
Сондай-ақ әншінің тыңдармандары да елге келгеніне қуанып, жарыса видеосын жүктеп жатыр. 8 миллионнан астам оқырманы бар әнші барлығын өз парақшасында бөлісті.
Еске салайық, таяуда елімізге америкалық рэпер, әнші 50cent келген еді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан