Таңертең оянбай қалған: Алматылық альпинист Тянь-Шань тауларында көз жұмды
Алматылық альпинист Александр Чечулин Тянь-Шань тауларында қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ақпарат Facebook желісіндегі «Журнал - Ветер странствий» тобында пайда болды.
Алматылық альпинист топпен бірге Тянь-Шань тауындағы Жеңіс шыңын бағындырмақ болған. Алайда ер адам биікте ауырып қалған. Болжам бойынша, оның өкпесі қабынған көрінеді.
«Топ шатырдың тіреуіштерін жоғалтып алды. Сондықтан шатырдың жабынын жамылып, қар шұңқырында түнеуге тура келді», - делінеді жазбада.
Александр Чечулин 16 тамызда таңертең оянбай қалған.
Ер адам кәсіби түрде альпинизммен айналысқан. Чечулиннің достары мен әріптестері желіде көңіл айтып жатыр.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген