Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тамара Асар философия ғылымдарының докторы атанды

Былтырғы жылы бірнеше өнер иесі магистр дәрежесін алып, халықтан сүйінші сұраған еді. Олардың қатарында Қайрат Нұртас, Жанар Дұғалова сынды танымалдар бар.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Сондай-ақ, қазақ елінің сүйікті әншісі Мейрамбек Бесбаев биыл Астанадағы Еуразия Ұлттық университетінің магистратурасын, ал оның топтағы серігі Сәкен Майғазиев Жүргенов атындағы өнер академиясының докторантурасын тәмамдайды. Ал Тамара Асар әріптесін басып озып, ғылым докторы атанып үлгерді.

Ол Алматыдағы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың докторантурасын тәмамдады.

“Бүгін мен үшін ерекше күн… Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінде псиxология-педагогика мамандығы бойынша Философия докторы (PhD) дәрежесін алу шін дайындаған диссертациямды қорғап шықтым. Мені ғылымның жолына тәрбиелеп бастап әкелген ұстазым, ғылыми жетекшім академик Серік Жайлауұлына алғысым шексіз! Сіз мені ғылымға алып келдіңіз, сіз мені ғылыми кеңістікке қанат қақтырдыңыз, оның қыр-сырын түсіндіретін ғалым-ұстаздардан тәлім-тәрбие алғыздыңыз.

Бұл жақтан мен асықпай басып, аяңдауды, бетегеден биік, жусаннан аласа болуды үйрендім. “Жұлдыздықты” жиып қойып, ілімге, білімге сүңгуді үйрендім, мүйізі қарағайдай ғалымдардан сескендім, қобалжыдым, кішірейдім, іздендім, оларға ұқсап бақтым. Осы жолда маған бағыт берген, қолдаған ұстаздарыма, курстастарыма, магистратурадан бірге келе жатқан құрбыларыма, өзімнен төменгі курстағы сіңлілеріме, барлығына алғысым шексіз… Ризамын, бақыттымын, шүкір еттім”, – деп бөлісті Тамара инста-парақшасында.

Әншіні тыңдармандары мен әріптестері жарыса құттықтап жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Атышулы Байзақова өзінің қамауда болғаны, даулы видео мен екіжүзділер жөнінде айтты

Белгілі заңгер: Баян Алагөзова басты рөлдегі қыз үшін 800 гектар жер алған

Қайрат Нұртастың бөлесі, қобызшы Ақерке нәрестелі болды (видео)

“Қозы мен Баян” телехикаясын сынаған журналист Баян Мақсатқызының әкесіне жауап берді

Талқылау