Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тамара Асар арбада отырған әйелмен дуэт айтып, жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Жас кезінде бір аяғынан айырылып қалған Тамара Асар арбада отырғандарды жақсы түсінеді. Сондықтан қолдан келгенше тағдыр тауқыметін тартқан жандарға көмектесуге тырысады. Күні кеше әнші тағдырласымен бірге дуэт айтып, жұрттың жүрегін елжіретті.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Сол бір қыз” әнін Тамара Асар мүгедек арбасында отырған кезінде өзіне арнап жазғанын айтады.

“Бұл ән ойыма оралғанда, мен мүгедек арбасында отырған едім, екі аяқпен жер басып жүруді армандап отырып “Қолдашы мәңгі, Қорғашы мәңгі сол қызды ием, Жаратқан”-деп ыңылдайтынмын. Табанды талап, ата-анам мен апа-аға, інілерімнің арқасында шүкір ойымдағылар оңынан оралды. Бұл өзімнің өзіме арнаған әнім, Әсет Массабай, Асқар Дүйсенбі үшеуміз кәсіби деңгейде өңдеп, әнге “Сол бір қыз” деп ат қойып, Рашид Сүлейменов клип түсіріп, 2008 жылы жарыққа алып шықтық”, – деп бөлісті Тамара Instagram парақшасында.

Әнші дайындық кезінде түсірілген видеоны желідегі парақшасында жариялады. Ал концертке қатысқандар әнді тыңдаған кезде көздеріне жас алғандарын жазып жатыр.

“Өзі қоларбада отырған кезде жазған әнін Тамара Асар тағдырласы Роза Мұсамен бірге ән шырқаған кезде денеміз түршігіп, жүрегіміз елжіреді! Эмоция” – деп бөлісті пиар-менеджер Алпамыс Шәрімов.

 

Жіберіп алмаңыз:

Алаяқтар Әуелбекованың атын пайдаланып, балалардан ақша жинаған

Әнші Бауыржан Исаевтың концертіне 9 адам ғана келді

КешYou тобы: Продюсер не айтса соны киеміз, қарсылық білдіруге құқымыз жоқ

Сақ бол, Баян: Түсіпбаева сериалды сынаған зиялылардың президентке дейін баратынын айтып қорқытты

Талқылау