Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тамақ жасауға уақытым жоқ: Қазақстандық билік басындағы ханымдар үйде қандай?

Ангела Меркельдің сөмкесіне азық-түлік салып, дүкен аралап жүруі Германия тұрғындары үшін қалыпты жағдай. Ал, біздегі биліктегі ханымдар үйде қандай? Немесе қазақ әйелдеріне тән үй жинау, ас дайындау олар үшін ұят санала ма?

Дана Нұржігіт

Өміріміздің 80 пайызын кабинеттерінде өткіземіз дейтін депутатат ханымдардың қайсысы қолынан бал тамған аспаз? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Биліктегі ханымдар үйде қандай? Қазақ әйелдеріне тән үй жинау, ас дайындау олар үшін ұят па? Ал жуырда ғана депутаттық мандатын алған Дана Нұржігіт керісінше үйдің шаруасына қолым тимейді деп жауабын қысқа қайырды. Сенатор 80 пайыз уақытын тек жұмысқа арнайтын көрінеді. 

Билік басындағы әйел шенеуніктер ошақ қасында жүре ме? Күні-түні халықтың қамын ойлап, жеке өміріне қолдары тие бермейтін ханымдарға бұл сұрақты қойғанда ыңғайсызданып қалғандары бар.

Үйдің де түздің де жүгін бірге арқалап жүрген депутаттардың бірі - Майра Айсина. Оның айтуынша,  жұмыстан кейін міндетті түрде ас бөлмеге кіріп, отағасына шай әзірлейді. Одан қалды, уақытты үнемдеу үшін де кешкі асты күндіз реттеп кететін арнайы лайфхактары бар.

"Үйге келіп депутат болмайсың ғой+0032 Тек қана кешке емес таңертең отағасына балаға тамақ пісіруге тура келеді", - депутат Майра Айсина.

"Етті де асамыз, палауды жасаймыз. Мен өзім тамақ дайындағанды жақсы көремін", - деді Зауреш Аманжолова. 

"Мемлекеттік қызметке жаңа келіп жатқан адам ретінде айтайын менің өмірінің 80 пайызы жұмыспен қана жүремін. Сондықтан да бос уақытым жоқ!", - дейді Дана Нұржігіт.

Бұған дейін заңгер, судья әрі депутат болған, қазір мемлекеттік қызмет істері агенттігін басқарып жүрген іскер келіншектердің бірі - Анар Жайылғанова үйдің табалдырығын аттағаннан бастап, басшылық қызметін артта қалдыратынын айтады. Өйткені. 

"Мына жақта басқаша, үйде міндетті түрде есіктен кіргеннен бастап аналық функцияны орындайсыз!", - деді Анар Жайылғанова. 

Ең қызығы өзге елдің шенеунік келіншектері ас даярлаудан бөлек, дүкенге де өздері барады. Мәселен, Германия канцлері Ангела Меркель супермаркетттен жиі азық-түлік сатып алады.

Ал Британияға аса танымал патшалық отбасының мүшелері де заң бойынша жеке аспаз жалдауға құқылы болса да, ханшайымдар жұбайларына тамақты өздері әзірлейді екен.

Талқылау