Тамақ істетіп, киім-кешегін жуғызған: Қарағандыдағы балабақша директоры қызметкерлеріне үйінің жұмыстарын істеткізген
Қарағандыда "Айналайын" балабақшасының директоры қызмет бабын асыра пайдаланғаны туралы қызметкерлердің шағымынан кейін босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Новый вестник" басылымына сілтеме жасап.

Балабақша қызметкерлерінің айтуынша, директор техникалық қызметкерлерді өз үйінде жұмыс істеуге мәжбүр еткен.
Аспазшылар бастығының отбасына оқушыларға арналған өнімдерден тамақ дайындаған. Кір жуатындар оның киім-кешегін, ал қалғандары – едендер мен терезелерді жуған.
Директордың озбырлығынан жалыққан тәрбиешілер бүкіл ұжыммен білім бөліміне шағымданды.
Ведомствода әйелді балабақша басшысы қызметінен босатқанын хабарлады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар