Тәліптер өздерімен достық қарым-қатынастағы елдерді атады
"Талибан" саяси кеңсесінің өкілі Мұхаммед Наим "Әл-Маядин" телеарнасына берген сұхбатында қозғалыстың Қытаймен, Ресеймен және көршілес елдермен жақсы қарым-қатынаста екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Қытай – біздің көршіміз, біз онымен жақсы қарым-қатынастамыз. Бұл Ресейге де қатысты", – деп хабарлады "Талибан" қозғалысының өкілі.
Наим Талибанның Иранмен, Қытаймен, Пәкістанмен және Өзбекстанмен бұрыннан қарым-қатынаста екенін және бұл елдер Батыс державаларынан айырмашылығы, тәліптердің билікке келгеніне алаңдамайтынын айтты.
"Біз қарым-қатынас орнаттық, біз Ауғанстанмен көршілес елдермен байланыстамыз және олардың дамығанын қалаймыз", – деп қосты "Талибан" өкілі.
Талибанның өкілі Забихулла Муджахид Түркиямен қарым-қатынас туралы айтып берді.
"Біз Түркиямен жақсы қарым-қатынас орнатқымыз келеді. Бірақ түрік сарбаздарының Ауғанстанға кіргенін қаламаймыз", – деді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы