"Талибан" Ауғанстанның жаңа үкімет құрамын жариялады
Ауғанстан үкіметі құрамын жариялады. Оның басшысы ретінде Мохаммад Хасан Ахун аталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Талибан үкіметтің (ҚР-да террористік қозғалысқа тыйым салынған) жарияланған құрамы уақытша деп мәлімделді.
Талибан үкіметіндегі негізгі құрамы мынадай:
СІМ басшысы – Әмір Хан Муттаки, Қорғаныс министрлігінің басшысы – Талибан лидері мулла Якуб, ІІМ басшысы – Саражуддин (Халифа) Хаккани, босқындар министрі – Халил Хаккани, барлау басшысы – Абдул Хак Васик, экономика министрлігінің басшысы – Мохаммад Ханиф, Қаржы министрі – Хедаятулла Бадри, Орталық банк басшысы – Мухаммад Идрис.
Сондай-ақ "Талибан" саяси Кеңсесінің Басшысы мулла Барадар вице-премьер болғаны белгілі болды.
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр
Жолақы төлемейтін жолаушылардың кесірінен автобустар лық толып жатыр: Әкімдіктер кептелістің себебін түсіндірді
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр