Талғардағы 16 жастағы жасөспірімнің қазасы: Марқұм Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті
Алматы облысы, Талғар қаласында бір топ бұзақының қолынан қаза тапқан 16 жастағы жасөспірімнің үйі сенбіге қараған түні өртеніп кетті. Зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Куәгерлердің айтуынша, өрт сөндіру қызметінің жедел әрекетіне қарамастан, үй түгелдей өртеніп кеткен.
Алматы облысының полиция департаменті өрт фактісін растады.
"Полиция бөтеннің мүлкін қасақана жою дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады", – делінген хабарламада.
Тергеу аясында куәгерлерден жауап алынып, бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп жатқаны түсіндірілді.
"Қазір оқиғаның барлық мән-жайы мен оқиғаға себеп болуы мүмкін жағдайлар анықталып жатыр”, – делінген хабарламада.
Зардап шеккендер бар-жоғы нақтыланып жатыр деп қосты.
Еске салайық, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмған еді. Кейіннен жағдайдың мән-жайы анықталды. Жанжал жасөспірімнің отбасы жұмыс істейтін дүкенде басталған. Туыстарының айтуынша, сауда нүктесіне келген сатып алушы сыра алып, ақшасын төлеуден бас тартқан. Осыдан кейін төбелес басталған. Прокуратура жеті күдікті қамауға алынғанын хабарлады.