Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талғар өзенінде селфи жасамақ болған ер адам көз жұмды

Ресей азаматы Талғар өзені маңында селфи жасаймын деп мерт болды. Ол түнгі пейзаж фонында өзін суретке түсіремін деп суға құлап кеткен.

13d1f4d29dd85c5d0797c400b4fc9677_crop_l_5_t_0_w_947_h_533

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

Оқыс оқиға туралы ақпарат құзырлы органдарға 5 маусым күні сағат 22:40-та келіп түскен. 1980 жылы туған азаматтың аяғы тайып, тепе-теңдікті жоғалтып алған.

Жедел іздестіру тобы ер азаматты іздеуге кіріскен. Алайда қараңғы түскендіктен құтқарушылар таңға дейін уақыт жоғалтып алған. Ал суға батып, оқыстан қаза болған азаматтың мүрдесін таңертең бөгет күзетшісі тауып алған.

Өмірімен қош айтысқан азамат туыстарының үйіне демалу үшін келген екен.

Оқи отырыңыз:

Алматыда 23 жастағы қыз жаңбыр суына толған арыққа батып кетті

ШҚО-да ер адамды жөндеп жатқан автобусы басып қалып мерт қылды

Ақтауда әйелімен жанжалдасқан ер адам абайсызда балконнан құлап мерт болды

Оралда 4 адам көз жұмған жол апатында марқұмдардың алтыны мен ақшасын ұрлап кеткен (видео)

Талқылау