Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғандық дуагер әкімдік қызметкерлерін өзара ұрыстыра жаздады

Алматы облысында “қара сиқырмен” айналысатын адам әкімдік қызметкерлерін өзара ұрыстырып тастай жаздады.

Бұл туралы sputniknews.kz басылымы хабарлайды.

Қала әкімшілігінің хабарлауынша, қызметкерлер әкімдік ғимаратының ішінен әр жерде шашылып жатқан тұз бен көкнәр тауып алған. Айтуларынша, сиқыршы қызметкерлерді өзара ұрыстырып қоймақ болған.

“Біз бұл оқиғаларды назарға аламыз. Сөйлесіп, аталған мәселені аталған басқарманың басшысымен талқылайтын боламыз. Мәселе ұжымдағы қызметкерлердің қарым-қатынасына байланысты болып отыр. Бәлкім, олардың біреуі өзгелерге ренжіп жүрген сияқты. Оқиғаның мән-жайын жуық арада анықтайтын боламыз”, – дейді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалыммұрат Жүкел.

Аталған аймақтың полиция қызметкерлері өздеріне “қара сиқырға” қатысты шағымның келіп түспегенін айтады. “Бар мәселе кімнің кімді дуалауында емес, ұжым ішіндегі өзара қарым-қатынастың бұзылуымен тікелей байланысты болып отырған сияқты. Ал әкімдік тарапынан “қара сиқырға” қатысты белгілі бір шағым келіп түспеді”, – делінген облыстық полиция хабарламасында.


Жіберіп алмаңыз:

Қырғызстандық балалар Атамбаев пен Назарбаевтан татуласуларын өтінді

ОҚО-да жезөкше болуға көнбеген қыздарын ата-анасы үйден қуып жіберген (видео)

Қазақстанда жаңа жол белгілері пайда болды

Қазақстанда тұрғылықты жері бойынша тіркеуге тұрудың жаңа түрі енгізілді

Талқылау