Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғандағы Назарбев мектебінде 18 оқушы астан уланып қалды

Талдықорғанда 2 күннің ішінде Назарбаев мектебінің 18 оқушысы инфекциялық ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170421110329

Оқушылардың дене қызулары көтеріліп, жүректері айныған. Одан бөлек, іштері ауырған. Дәрігерлердің сөзінше, балалардың неден уланғанын экспертиза анықтайтын болады.

Оқушылардың өздері мектеп асханасына барып келгеннен кейін нашар сезінгендерін айтуда.

«Балалар ем қабылдап жатыр. Сараптама нәтижелері дүйсенбі-сейсенбі күндері дайын болады. Сол кезде нақты диагноз қоятын боламыз. Әзірге олар емделуде. Алдын ала болжам бойынша оларға ішектік-вирустық инфекция түскен», – дейді дәрігер Надежда Староселедская.

Айта кетейік, 20 сәуір күні Назарбаев зияткерлік мектебінің 8 оқушысы Талдықорғандағы инфекциялық ауруханаға түскен. Шұғыл түрде санитарлық-эпидемиологиялық стансаға хабар берілді. Мектеп басшылығы әзірге болған оқиғаға қатысты пікір білдірмей отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Жамбылда шетел жүргізушілерін тонаған полицейлер сотталды

Үйлері су астында қалған ақтөбеліктер биліктен жаңа пәтер талап етіп жатыр

Көкшетауда клиенттеріне есірткі сатқан шаштаразшы жігіт ұсталды

Алматы облысында мектеп ішінен дүкен ашқан кәсіпкер ұстаздардың мазасын алуда

Талқылау