Талдықорғанда жылу құбыры жарылып, 70-ке жуық көпқабатты үй жылусыз қалды
Талдықорғанда Желтоқсан және Медеу көшелерінің қиылысында жылу құбыры жарылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: sputnik.kz
Құбыр 2 ақпан таңғы сағат 06:00-де жарылған. Жылу трассасының 700 мм диаметрі зақымдалған. Әкімдіктің айтуынша кешкі уақытқа дейін жылу беріледі.
"Желтоқсан мен Медеу көшелерінің қиылысында диаметрі 700 мм жылу құбыры жарылды. Қазір 28 адам жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Құбырдан бүгін таңғы сағат 6:00 шамасында ақау шыққан. Қазір 67 көпқабатты үй жылусыз қалды. Біздің жоспарымыз бойынша төрт сағаттың ішінде ақау жөнделіп, жылу үйлерге кешке дейін беріледі", - деді Талдықорған қаласы әкімі баспасөз қызметінің өкілі Мәди Шакенов.
"Үйде нан бар деп күлді": Көршісінің шелпегін алмай қойған қыздың әрекеті желіде дауға ұласты
Оқырмандардың бірі "шелпектің қандай қолмен дайындалғанын кім білсін?" деп айтқан
"Оңай" ресейлік төлем жүйесімен байланысы бар деген күдікке ілінді: Пайдаланушылар дербес деректерінің қауіпсіздігіне алаңдады
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады