Талдықорғанда жатақхана коменданты студенттердің атына несие алған
Жетісу облысында бірқатар алаяқтық жасады деп күдікке ілінген жатақхана комендантына қатысты тергеу басталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Талдықорған полициясына алаяқтық фактілері бойынша арыздар 2022 жылдың қазан айында түсе бастаған. Тәртіп сақшылары қылмыс жасады деген күдікпен студенттік жатақханалардың бірінің комендантын ұстады.
Қалалық прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық істі тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-тармағының 3-бөлігі Алаяқтық бойынша жүргізілді.
Комендант әйел ел бойынша үш банкте және бірнеше микрокредиттік ұйымдарда тауарлы-ақшалай несиелерді рәсімдеген. Принтер, теледидар, кондиционер, ұялы телефон, т.б. тауар алынды.
“18 жәбірленуші бар, олардың негізгі бөлігі – студенттер. Залал шамамен 16 млн теңгеден асады. Жақын арада сотқа жіберу үшін материалдарды дайындаймыз”, – деді Талдықорған ҚП бастығының орынбасары Шыңғыс Нұрахимов.
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес