AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда тәртіпсіздіктерге қатысқан екі мектеп оқушысы үйқамақта отыр

Талдықорғанда қаңтар айының басында болған тәртіпсіздік кезінде ұсталған екі оқушы үйқамақта отыр. Олар мектепке бармайды. Білім басқармасының мәліметінше, балаларға ұялы телефон мен компьютерді пайдалануға тыйым салынған. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үйқамақта отырған балалар – 10 және 11 сынып оқушылары.

Қалалық білім бөлімінің басшысы Роза Барманованың сөзінше, үйқамақта отырған оқушылар еркін оқу форматында білім алуда.

"Олар еркін оқу форматында білім алуда. Бізде асинхронды оқыту жүйесі бар, мұнда оқушының тәуелсіз білім алуы қарастырылған. Бірақ бұл баланың қалаған уақытында сабаққа қатысады деген сөз емес, міндетті түрде мұғаліммен келісу қажет. Содан кейін бөлімдер мен тақырыптар бойынша сұрау алынады. Біз үнемі ата-аналармен байланыста отырамыз. Біз үшін баланың мектепті бітіріп, аттестат алғаны бәрінен маңызды", – деді ол.



Оқушылардың ата-аналарының сөзіне сенсек, сол күні оқушылар көшеге кездейсоқ шығып қалған.

"Бірақ мен олардың әрекетін құптамаймын", –  деп қосты Барманова.
Алматы полициясы өз кезегінде қалада мектеп оқушыларының ұсталу фактілері болмағанын жеткізді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр