Талдықорғанда Назарбаевтың мүсінін құлатқан Азамат Батырбаевқа қатысты сот шешімі шықты
Жетісу облысында Назарбаевтың мүсінін құлатты деп айыпталған 38 жастағы Азамат Батырбаевқа қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Азамат Батырбаевқа қатысты шешім Талдықорған қалалық сотында шығарылды.
"Тергеу материалдары сотқа айыпталушының өз кінәсін мойындау туралы процессуалды келісімімен түсті. Сот шешіміне сәйкес ол 4 жыл 6 ай көлемінде шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Бұл уақыт аралығында сотталушыға пробациялық бақылау тағайындалады", – деді қалалық сот өкілдері.
Айта кетейік, бұған дейін қаңтардағы оқиғалар кезінде ұсталып, азапталған Азамат Батырбаев өз кінәсін мойындап, процессуалдық келісімге қол қойғаны туралы хабарлаған едік.
"Мәйіттің арқасы көгерген": ҚазҰУ-да жатақханадан өлі табылған студенттің анасы қызының өліміне қатысты күмәнін айтты
Қыздың анасы қызының өліміне қатысты барлық мән-жайдың анықталып, шындықтың ашылғанын қалайтынын айтты
Қара түтінге шағымданған алматылыққа зертханалық сараптаманы өзі жүргізу талап етілген
Ғимарат Қарасу шағын ауданында орналасқан