Талдықорғанда қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды
Талдықорғанда аула сыпырушы қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің мәйітін тауып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мәйіттің табылғаны туралы жергілікті қоғам белсендісі Сандуғаш Дүйсенова 4 шілдеде таңертең мәлімдеген. Кейін ақпаратты Алматы облысының полиция департаменті растады.
"07:00 шамасында аула сыпырушы мәйітті тауып, 102 нөміріне хабарласқан. Полиция қызметкерлері баланы мәйітханаға алып кетті. Бұл – ақ сүлгіге оралған қыз бала", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі