Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда балалар дәрігері жұмысқа мас күйінде келген (видео)

Жетісу облысындағы облыстық балалар ауруханасының хирургы жұмысқа мас күйінде келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Мас күйінде жұмыста отырған дәрігердің видеосы әлеуметтік желіде тарады.

“Кеше түнде шамамен сағат 22:00-22:30-да хирург облыстық балалар ауруханасына мас күйінде отырды. Мен ашуланып, балам үшін басқа хирург сұрай бастағанша, барлық қызметкерлер мен ата-аналар үнсіз отырды”, – делінген видео авторының жазбасында. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мас күйінде жұмыста отырған қызметкерге қатысты оқиғаны растады. Оқиға 30 мамыр күні кешкісін облыстық көпсалалы балалар ауруханасында болған.

"Талдықорған қаласындағы көпсалалы облыстық балалар ауруханасының әкімшілігі бұл оқиғаның 30 мамырда кешкі уақытта орын алғанын, қызметкердің мас болғанын анықтап, еңбек кодексінің 52-бабына сәйкес жұмыстан шеттетілгенін және жұмыстан шығарылғанын хабарлады”, – делінген Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында. 

Талқылау