Талдықорғанда 20 жастағы курсанттың мәйіті табылды
Желіде Талдықорғанда 20 жастағы курсанттың мәйіті табылғаны түсірілген видео пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: mentoday.ru
Жігіт Алматы әскери институтының курсанты екені белгілі болды.
"2024 жылғы 4 ақпанда сағат 13:30-да 2004 жылы туған жас жігіт А. Алматыға қарай такси ұстаған. Ата-анасы ұлымен телефон арқылы хабарласа алмаған. Кейін Назарбаев көшесі, 101, Горький мектебіне қарама-қарсы жолдың бойынан жігіттің денесі табылғаны анықталды”, – делінген хабарламада.
Жетісу облысының полицейлері аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді.
"Полиция суицидке итермелеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажет сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметкерлерді запасқа шығару және қызметке кезекті шақыру туралы жарлыққа қол қойғаны туралы жазған едік.