"Табиғи қажеттіліктен ақша жымқырады": Мәжіліс депутаты Бурабай курортындағы жағдайға наразылық білдірді
Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов Бурабайдағы Абылай хан алаңындағы ақылы дәретханаларды сынға алды. Айтуынша, көрікті жерлерді көргісі келетін отандық және шетелдік туристерді ұлттық паркте ақшаларын жымқырып алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бейнежазбадан скриншот
Депутат Бәшімов мұны өз Facebook-парақшасында мәлімдеді.
“Ақшаны кіргеннен сыпырып алады. Үш баласы бар ана дәретхананың жанында тұр, әрқайсысы үшін 150 теңге төлеп жатыр. Бұл – бассыздық! Адамның табиғи қажеттілігінен ақша жымқыруда”, – деді депутат.
Бәшімов Ақмола облысының әкімдігін тек ақшаға құнықпай, адамдықты ұмытпауды шақырды.
“Ақмола облыстық әкімдігінің басшылығының саясаты қандай? Тегін дәретханалар жасаудың орнына олар қалтасын қалай толтыру керегін ойлағаны несі? Ұят болу керек, – деп түйіндеді мәжілісмен.
Салық пен айыппұл өсіп, қымбатшылық басталады: 2026 жылдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
70 жастағы зейнеткердің зейнетақысы 2025 жылы 171 588 теңге болса, 2026 жылдан бастап ол 192 816 теңгеге дейін көтеріледі
2026 жылы қоғамдық тамақтану орындарында баға қалай өзгермек
Бізге дәмханалар жауап берді