Сырқаттанып қалғанын айтқан Серікбол Сайлаубек сынға ұшырады
Отандық әртістер не істеп, не қойғанын айтып, әлеуметтік желі арқылы халыққа есеп беруді әдетке айналдырғалы қашан?! Кей әншілер ішкен асы мен сатып алған дүниесін көрсетпесе, сахнаға шыға алмайтындай. Әртістердің тағы бір тобы емханаға жол түссе, камераны қоса жөнеледі.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Мәселен, Серікбол Сайлаубек сырқаттанып қалып, бірден ақ халаттылардың көмегіне жүгінген сәтін желідегі парақшасында жариялады.
«Ауырып қалғаныңды сезіп, шұғыл емделіп кеткенсің ғой», – деп жазды ол.
Өз кезегінде желідегілердің бір тобы әншінің тезірек сауығып кетуін тілесе, ендігілері медициналық тәртіпті сақтамаған мейірбикенің қателіктерін тізіп жатты. Ал үшіншілер әр қадамын желіге салатын әншіні сынап тастады. Сол себепті болуы керек әнші аталған видеосын өшіріп тастады.
Жіберіп алмаңыз:
Асылхан Төлепов қарттар үйінің ауласын сыпырып, ардагерлердің батасын алды
«Дос-Мұқасан» тобы құрылғанына 50 жыл толуын сүйікті тыңдармандарымен бірге атап өтті (фото, видео)
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді