Шымкент қала тұрғындары экологиялық акцияда белсенділік танытты
Шымкентте World Cleanup Day халықаралық күніне және республикалық “Таза Қазақстан” бастамасына орай ауқымды жалпықалалық сенбілік өтті. Қала тұрғындары, волонтерлер, жастар, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері жалпы 43 мыңнан астам тұрғын бірігіп, қаламыз бен табиғи аумақтарды таза ұстауда белсенділік танытты.
Демалыс күнінің таңы Астана алаңында мыңға жуық мектеп оқушысын, студенттерді, жоғары оқу орындарының өкілдері мен волонтерлік ұйымдардың мүшелерін біріктірген жастар жиынымен басталды.
Сенбілік басталар алдында қатысушыларға қоршаған ортаны қорғау, аулаларда, көшелерде және қоғамдық орындарда тазалық сақтау қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін қалыптастыратыны айтылды.

А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта ұйымдастырылған тазалық іс-шарасында көпшілік аумақта санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, ағаш жапырақтарын, қоқыс жинауға атсалысты.

Жалпы, бұл күні қала бойынша 270 тоннадан астам тұрмыстық және басқа да қалдық шығарылды. Сонымен қатар ирригациялық арықтар тазаланып, көшелер жуылды.

Жалпы, “Таза Қазақстан” акциясы аясындағы жұмыстар қоршаған ортаны таза ұстаумен қатар, тұрғындарды ортақ іске жұмылдырып, тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталып отыр.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты